Бас жаңалықтар
Ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
18 Қаңтар 2021, 19:11 276

Ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеке тұлғаның екінші деңгейлі банктерден (Отбасы банкінен басқа) алған несиесі бойынша сыйақы мөлшеріндегі салық шегерімдерін қолдануы 2025 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сенсек, тиісті түзетулер 2020 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 382-VI Заңымен енген. 

Қазіргі уақытта жеке табыс салығын есептеу кезінде сыйақыға салықтық шегерім тек «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан («Отбасы банкі») алған несие бойынша қолданылады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...