Иран парламенті елдің ядролық қызметін жандандыру туралы заң жобасын қабылдады

1 Желтоқсан 2020, 14:06
922
Бөлісу:
Иран парламенті елдің ядролық қызметін жандандыру туралы заң жобасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран парламенті елдің ядролық қызметін жандандыру туралы жобаның жалпы ережелерін мақұлдады. Бұл туралы Fars ақпарат агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметі бойынша сейсенбідегі парламент отырысы кезінде 251 депутат санкцияларды жою стратегиялық шарасы деп аталатын жобаны қолдап дауыс берген. Заң жобасын атом инженері Мохсен Фахризаде өлтірілгеннен кейін жеделдетіп қарау туралы шешім қабылданған.

Бұған дейін хабарланғандай, заң жобасы байыту деңгейі 20% (уранның 20%-дан астамы қару-жарақ болып саналады) деңгейінде жылына 120 килограмм уранды өндіріп, жинақтауды, сондай-ақ айына кемінде 500 килограмнан кем емес байытылған уран өндіруді көздейді. Қазіргі кезде Иран уранды келісімде көзделген 3,67 емес, одан асып 4%-дан жоғары деңгейде өндіріп жатыр.

Заң жобасын ратификациялау үшін Иранның заң жобаларын тексеретін парламенттен тыс арнайы органы - Конституцияны сақтаушы кеңесінің келісімі де қажет. Сонда заң орындалады.

Өзгелердің жаңалығы