Ішкі істер министрі Алматы ауруханасындағы полицейге барды

27 Мамыр 2020, 18:14
2146
Бөлісу:
Ішкі істер министрі Алматы ауруханасындағы полицейге барды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы жағдайды жеке бақылауға алды. Бүгін ол жұмыс сапарымен қалаға арнайы келді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханаға зардап шеккен полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымға барды. "BMW" автокөлігінің блок-бекетке соғылуының салдарынан ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы ауыр дәрежеде зақымданған.

Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды.

ІІМ басшысы дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлермен әңгімелескеннен кейін Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерінің тез арада сауығып кетуін тіледі.






Өзгелердің жаңалығы