Италия елдегі карантинді 13 сәуірге дейін ұзартты

1 Сәуір 2020, 18:47
1098
Бөлісу:
Италия елдегі карантинді 13 сәуірге дейін ұзартты

Алматы, BAQ.KZ.  Италия үкіметі 10 наурызда енгізілген елдегі карантинді 13 сәуірге дейін ұзартты.

Бұл акт ерекше қажеттілік туындамаған жағдайда, азаматтар үшін елді мекендер арасында және олардан тыс жерлерде орын ауыстыруға салынған тыйымның жалғасатынын білдіреді. Бұған қоса, барлық оқу орындары, кинотеатрлар, театрлар, музейлер, спорт нысандары, дискотекалар, пабтар әзірге ашылмайды. Сондай-ақ, барлық бұқаралық іс-шараларды өткізуге де рұқсат берілмейді және елге туристер кіре алмайды.

Барлар мен мейрамханаларды қоса алғанда, барлық сауда орындары да жабық болады. Қазіргі уақытта тек азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, дәріханалар мен газет дүңгіршектері жұмысын жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы