Италияда коронавирустан өлгендер саны 15 мыңнан асты

5 Сәуір 2020, 11:57
1586
Бөлісу:
Италияда коронавирустан өлгендер саны 15 мыңнан асты

Алматы, BAQ.KZ.  Италияда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 124 632 адамға жетіп, 15 362-сі мерт болды. Бұл жөнінде  елдегі Азаматтық қорғаныс департаменті мәлімдеді.

Соңғы тәулікте 681 адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмған. Бұл елде инфекция жұқтырған алғашқы адам 21 ақпан күні тіркелген, содан бері барлығы 15 362 адам осы дерттен мерт болған.

Италия Азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы Анджело Боррелли теледидар арқылы сөйлеген сөзінде 3 сәуір күні коронавирус 2886 адамнан анықталғанын хабарлады. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 29010 науқас медициалық стационарда ем қабылдап жатыр, 3994 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары үй карантині жағдайында емделуде.

Сондай-ақ өткен тәулікте 1238 адам бұл дерттен жазылып шыққан, осылайша коронавирустан айыққандар саны 20996 құрап отыр.

Өзгелердің жаңалығы