Италиядағы веложарысқа қатысатын спортшылар белгілі болды

19 Қыркүйек 2020, 13:26
1779
Бөлісу:
Италиядағы веложарысқа қатысатын спортшылар белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қыркүйекте Италияда велоспорттан «Джиро делл'Аппеннино» біркүндігі өтеді, деп хабарлады Olympic kz. 

Қатысушылар Нови Лигуре – Генуя бағыты бойынша 191,5 км қашықтықты бағындырады. Қазақстандық Astana Pro Team велокомандасынан аталған жарысқа 5 спортшы қатысады. Олар: Эрнандо Бооркес, Родриго Контрерас, Даниил Фоминых, Йонас Грегаард пен Мерхави Кудус. 

Астана командасының спорт директоры Александр Шофер болмақ. Айта кетерлігі, ол 2001 жылы Alessio сапында «Джиро делл'Аппеннино» жеңімпазы атанған.

Өзгелердің жаңалығы