Бас жаңалықтар
Италиялық астронавт: Австралиядағы өрт ауқымы адам шошырлық
14 Қаңтар 2020, 13:17 284

Италиялық астронавт: Австралиядағы өрт ауқымы адам шошырлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) бортында болған италиялық астронавт Лука Пармитано экипаждың ғарыштан дәл Австралиядағы сияқты "адам шошырлық ауқымдағы" өртті ешқашан көрмегенін таңданыспен айтты. Бұл туралы астронавт өзінің Twitter желісінде хабарлады. 

Экипаждағы серіктерімнің бәрі де дәл мұндай адам шошырлық алапат ауқымды өртті ешқашан көрмегенін айтып, бас шайқасты, - деп жазады астронавт Twitter парақшасында. 
Айта кетейік, Австралиядағы табиғи өрт салдарынан миллиондаған гектар жер өртеніп кеткен. Соңғы айларда тілсіз жау 17 адамның өмірін жалмап, мыңдаған үйді жермен-жексен еткен.

Сидней университетінің бағалауынша, өрттен 1 миллиард жан-жануар қырылып қалған. Кей аймақтарда өрттің қатты болғаны соншалық, қалың түтіннен өртті әуеден сөндіру мүмкін болмаған. 

Ел үкіметі зардап шеккен аудандарға әуе-теңіз күштерінің кемелері мен авиациясын жөнелтуде. Қазіргі таңда Астралияның оңтүстік-шығыс жағалауында жаппай эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: дереккөз
Загрузка...