Италияның солтүстігіндегі COVID-19 әсер етпеген шаһар

2 Сәуір 2020, 07:32
2459
Бөлісу:
Италияның солтүстігіндегі COVID-19 әсер етпеген шаһар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Монталдо-Торинезе шағын қаласы елдің солтүстік-батысында орналасқан. 3,6 мыңнан астам тұрғыны инфекция жұқтырған Туринге жақындығына қарамастан, бұл қалада COVID-19 вирусы тіркелмеген. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды.

Кейбір жергілікті тұрғындардың пікірінше, бұл қаладағы «керемет су» ағатын құдық суына байланысты. Тұрғындар бұл судың Наполеон әскерлерін Маренго шайқасына дейін 1800 жылы осында тоқтаған кезде пневмониядан емдеген дейді.

Алайда қала мэрі Серджо Гайотти бұл теорияны жоққа шығарды. 


Наполеон басқарған әскер жетекшілері пневмониямен ауырғаны рас. алайда сол кездегі таза ауаның, ауылдық табиғаттың арқасында және осы судың да әсері болған шығар, олардың бәрі сырқатынан айыққан. Сол кезде судың рөлі болған шығар. Бірақ қазір құдық жабылып, ол су тек егістіктерді суару үшін пайдаланылады. Адамдарға құдықтан су ішуге болмайды, - деді ол басылымға.

 Әкімнің айтуынша, жергілікті тұрғындар таза ауа, салауатты өмір салты, сондай-ақ алдын алу шараларының арқасында инфекциядан аулақ бола алады. Гайоттидің айтуынша, коронавирус басталған кезде ол қала тұрғындарына қолды жиі жуып, арақашықтықты сақтау керектігін ескертетін парақшалар жіберген. Сонымен қатар, Монталдо Торинестің барлық тұрғындарына маскалар берілген. 

Ла Нуова Феррара басылымының хабарлауынша, Италияның Феррара қаласында инфекция таралудың өте төмен пайызы тіркелген. 
Эмилиа-Романья провинциясында 14 мыңнан астам адам жұқтырған, ал Феррара қаласында – 307. Көрші Болоньяда да көптеген адамдар инфекция жұқтырған. Бұл құбылыстың себебі неде екендігі әлі белгісіз, - деп пікір білдірді мемлекеттік қызмет комиссары Серджо Вентури.

Соңғы мәліметтер бойынша, Италияда 13 мыңнан астам адам COVID-19 құрбаны болды, 80 мыңнан астам адам жұқтырған. 16 мыңнан астам адам емделді. Эпидемиядан ең көп зардап шеккен аймақ – елдің солтүстігіндегі Ломбардия.
Өзгелердің жаңалығы