IX Азаматтық форум. «ҮЕҰ академия» жобасы іске қосылды

24 Қараша 2020, 14:24
1813
Бөлісу:
IX Азаматтық форум. «ҮЕҰ академия» жобасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» атты Қазақстанның IX Азаматтық форумы өтіп жатыр.

Қазақстанның Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бәсекеге қабілетті үкіметтік емес секторды дамыту және жаңа жағдайлар жасау үшін пилоттық режимде «ҮЕҰ академия» жобасы іске қосылды. Оны «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі  мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» гранттық қаржыландыру арқылы жүзеге асырады.

Жоба 15 қыркүйекте басталды. Екі ай ішінде осы жоба аясында Қазақстанның 300-ден астам үкіметтік емес ұйымы оқытылды. Тренингті Қазақстан, Ресей, Беларусь Республикасы, Қырғызстаннан келген танымал сарапшылар мен бизнес-тренерлер өткізді. Сабақтар онлайн форматта өткендіктен, әркім ҮЕҰ академиясының мүшесі бола алады. Нәтижесінде оқыту курстарына 800-ден астам адам қатысты.

«ҮЕҰ академия» жобасы аясында жасалған жұмыстардың нәтижелері барлық міндетті жүзеге асыруға қол жеткізілгенін көрсетеді. Жобаның әлеуметтік тиімділігі жергілікті, аймақтық ҮЕҰ арқылы, нақты мәселелерді шешуге және ҮЕҰ қызметкерлерінің құзыреттілігін арттыруға негізделген.

 

Бұл жобаны ҮЕҰ-ны кәсіби деңгейде және тұрақты түрде оқыту үшін ұзақ мерзімді негізде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы