Бас жаңалықтар
Іздеуде жүрген көлікті анықтайтын жүйе іске қосылды
23 Сәуiр 2021, 13:53 207

Іздеуде жүрген көлікті анықтайтын жүйе іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті «Мираж-Интегра-Рубеж-Ураган» жаңартылған жүйесін іске қосты. Ол автоматты режимде іздеуде жүрген көлік құралдарын анықтайды.

Мысалы, 22 сәуір күні Ақтөбеде аталған жүйенің көмегімен бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған көлік жүргізуші анықталды. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің жағдайы күдік тудырған соң, көлікті тоқтатқан. Сараптама көрсеткендей, ер адам есірткілік масаң күйде болған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі («Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бап бойынша кінәлі адам жазаланады:

- 5 000 АЕК дейін айыппұл;

- сол мөлшердегі түзеу жұмыстары;

- 1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар;

- белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу.

Ақтөбе облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Мираж-Интегра-Рубеж-Ураган» жүйесіне өзгерістер енгізді, соның көмегімен енді автокөліктер ағынында мынадай жүргізушілерді анықтай алады:

- жеке сот өндірісі бойынша борышкерлер;

- аймақтың Мемлекеттік кірістер органдарының көлік құралдары салықтары бойынша борышкерлері;

- алимент төлемейтіндер;

-жедел және әкімшілік сипаттағы барлық бағыттар бойынша іздестірілетіндер;

-ЖҚЕ бұзған тұлғалар (бейнекамераларды бұзу фактілерін тіркей отырып), сондай-ақ Арменияда, Ресейде және т. б. есепте тұрған автокөлік жүргізушілері.;

-КҚ басқару құқығынан айырылған адамдар.

Полиция департаменті өңір мен облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы учаскелерінде жол-қозғалыс ережелерін сақтауды сұрайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...