«Junior Eurovision 2020»: Үміткерге қалай дауыс беруге болады?

29 Қараша 2020, 10:31
3053
Бөлісу:
«Junior Eurovision 2020»: Үміткерге қалай дауыс беруге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дауыс беру 2 кезеңде өтеді. «Junior Eurovision 2020»: байқауына Қазақстан атынан Қарақат Башанова қатысып жатыр. 

1 кезең 28 қараша түнгі сағат 01:00-де басталып, 29 қараша күні өтетін тікелей эфирге дейін жалғасады. 2 кезең барлық қатысушы өнер көрсетіп болған соң, 15 минутқа қайта ашылады.

Не істеу қажет? junioreurovision.tv немесе www.jesc.tv сайтына кіріңіз.

Қатысушылардың әндері жинақталған қысқа видеороликті көріп шығыңыз

Бейнежазбадан соң дауыс беру ашылады. Өнерпаздардың арасынан Қарақатты және тағы 2 қатысушыны таңдаңыз.

Төмендегі «Менің дауысымды қабылдау» немесе «Submit my votes» белгісін басыңыз. 

Дауыс беру тегін.

Өзгелердің жаңалығы