Көкшетаулық кәсіпорын 600 мың литр антисептик өндіруді жоспарлап отыр

8 Сәуір 2020, 00:42
1567
Бөлісу:
Көкшетаулық кәсіпорын 600 мың литр антисептик өндіруді жоспарлап отыр

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы "Asia Waters" компаниясы төтенше жағдай кезінде қат өнімге айналып отырған антисептик өндірісін ұлғайтуды көздеп отыр.

Кәсіпорынның коммерциялық директоры Руслан Ламановтың айтуынша, аталған өнімге сұраныстың артуына байланысты компания қосымша қаржылық шығындардың жұмсалатынына қарамастан антисептик өндірісіне бірден кіріскен.
Қысқа мерзім ішінде компания құрамына кіретін "Көкшетау минералды сулары" акционерлік қоғамының өндірістік алаңында "Асептдезин"  атауымен 0,5 л, 1 л, 5 л көлеміндегі сапалы әрі қауіпсіз антисептикалық құралдардың алғашқы партиясын қолжетімді бағамен тұтынушыларға жеткіздік, - дейді ол.

Жаңа өнім ДСҰ ұсынымына сәйкес ақтөбелік "Кентавр" спирт зауыты технологтарының рецептімен өндіріліп, ҚР Денсаулы сақтау министрлігінің тіркеуінен өткен, қауіпсіздік, сапа сертификаты бар.

"Көкшетау минералды сулары" кәсіпорнының директоры Станислав Максимецтің айтуынша, инфекциялық аурулардың алдын алу үшін қол тазартуға арналға антисептик барлы санитарлық талапқа сай. 

Құрамында спирт, сутегі тотығы және қол терісін жұмсартуға арналған қосындылар бар. Өткен тәулікте 80 мың литр антисептик өндірілді. 15 сәуірге дейін 80 мың литр өнім өндіруді жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта шетелдік қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Әрине, өнім көлемі нарық сұранысына байланысты, алайда белгіленген межені көбейтуге мүмкіндігіміз жетеді, - дейді кәсіпорын директоры.

Компания Қостанайда да антисептик өндіруді қолға алмақшы. Қазіргі уақытта медициналық мекемелер, мемлекеттік ұйымдардан тапсырыс қабылдауда. Жаңа өнім жақын күндері ел аймақтарына таралады деп күтілуде. Бағасына келсек, 0,5 л – 1730 теңге, 1 л – 2640 теңге, 5 л – 11880 теңге. 

Антисептиктің екі түрі бар – хлор қосындысымен және спиртті. Алғашқысы теріге жұмсақ болғанымен, тиімділігі аздау. Медұйымдар спиртті антисептиктерді қолданады. «Ескерте кетерлігі, төтенше жағдай кезінде сертификаты жоқ сапасыз антисептикалық құралдарды сатушылар көбеюде. Сондықтан да өнімнің жапсырмасын мұқият оқып алған жөн, - дейді кәсіпорын мамандары.
Көкшетауда "Асептдезин" антисептигі "Рубин" сауда үйіндегі кәсіпорынның фирмалық дүкенінде сатылуда.
Өзгелердің жаңалығы