Бас жаңалықтар
Көлгінов қоймада қанша азық-түлік барын айтты
17 Наурыз 2020, 19:00 221

Көлгінов қоймада қанша азық-түлік барын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қажеттілігіндегі айлық нормасы – 38 мың тонна.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

Қазіргі уақытта қаладағы сауда желілерінің қоймаларында 47 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бар. Бұл қазір айлық норманы толықтай жабады. Айлық норма – 38 мың тонна. Біз тағы да қосымша азық-түлік тауарларымен толтырамыз, - деді қала әкімі.
Бұған дейін қала халқына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп өткен Алтай Көлгінов келесі мәселелерге тоқталып өтті:

- Бүгінгі таңда қалаға коронавируспен ауырған адамның саны 17 адамға жетті. Қазір ол жерлерде 318 пациент карантинде жатыр. Сол себепті қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді;

- Қазіргі таңда қалалық медқызметкерлерге үлкен салмақ түсуде. Сондықтан қала әкімі тұрғындардан, қала қонақтарынан медициналық қызметкерлерді барынша қолдауға шақырды; 

- ол  2020 жылдың 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап елорда аумағы карантинге жабылатынын ескертті;

- Азық-түлік дүкендері, көлік жуу мен дәріханалар ғана жұмыс істейді, қалған мейрамхана бар тағы басқа күнделікті қажет емес мекемелер уақытша жұмысын тоқтататынын мәлімдеді;

- қалалық ХҚКО жұмысы уақытша шектеледі;

- Патрульдік қызмет күшейтіледі.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...