Көне түркіні көз алдыңа әкелер еңбек

21 Ақпан 2020, 17:54
1655
Бөлісу:
Көне түркіні көз алдыңа әкелер еңбек
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада белгілі түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының "Орхон ескерткіштерінің толық атласы" еңбегінің таныстырылымы өтті.

image-21-02-20-05-56-3.jpeg

"Орхон ескерткіштерінің толық атласында" Еуразия Ұлы Даласына үш ғасыр бойы билік жүргізген, Мәңгілік Ел орнатуды көксеген; өздерінің тарихын, дүниетанымын, даналығын, ой-санасын, болмысын, жазу өнерін, ел басқару жүйесін, ата дәстүрін өшпестей етіп тасқа қашап кеткен, сөйтіп, өркениетке, адамзат мәдениетіне асыл қазына қосқан байырғы түріктердің мұралары түгел қамтуға тырыстық – дейді автор.

image-21-02-20-05-56-8.jpeg

Алтай, Орхон, Сэленгі, Керулен бойынан табылған Көк түрік империясы дәуіріндегі (500-900 жж) тас ұстынған 2000 жыл бұрын қашап жазған түпнұсқа тарих, тіл әдебиет (сөз өнері), сөз аспабы, байырғы  архитектура және философиясы мен салт-дәстүрлерінің мұралары қамтылған. Бүгінгі қазақтың салт-дәстүрлері сол дәуірден қалып-тасқанына көз жеткізеді.

image-21-02-20-05-56-7.jpeg

Көне түркі тарихы немесе түркі этностарының, яғни біздің ата-бабаларымыздың бағзы бастауының есте жоқ ескі замандардан тамыр тартса да, өкінішке қарай үзілген және ұрпағы ұға алмаған кезеңдері аз емес екенін білесіздер. Сол ақтаңдақтар ғасырлар тереңіне көміліп, бүгінгі там-тұмдап жеткен жазба мұралары арқылы халқымен қауышып жатыр. Қалың оқырманға ұсынылып отырған "Орхон ескерткіштерінің толық атласы" деп аталатын толайым еңбектің осы ақтаңдақтардың орнын толтыруға арналған. Авторы – алдарыңызда отырған Қаржаубай Сартқожаұлы. Жалпы бұл ғалым жай адам емес. Бағзы Түркі қағанатының жұртында өскен тұлға. Бұл еңбек байырғы түркілердің ерте, орта ғасыр дәуірінде өз қолымен жазып қалдырған қайталанбас мұрасының жинағы. Бұл құндылықтар зерттелгенімен құпиясын әлі ашпаған, - дейді Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Атласта Моңғолия-Чехия, Моңғолия-Түркия (ТИКА), Моңғолия-Кеңес Одағы біріккен экспедицияларының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті экспедициясының материалдары, сондай-ақ әлем түріктанушыларының ғасырдан астам уақыт жүргізген зерттеулерінің қорытындысы пайдаланылған.

Атлас авторы байырғы түрік мәтіндерін қайта көшіріп, қайта оқыған, бұрынғы зерттеушілердің қателері түзетілген, түпнұсқа мәтінінің жаңа транскрипциясы, жаңа аудармасы жасалған, жаңа түсініктемесі берілген; жартылай көшпелі дәуірдің тарихи-мәдени мұралары Атласта тегіс қарастырылып, олардың археологиялық сипаттамасы, планы, фото, сызба суреттері тұңғыш рет толық берілген.

Атлас тілші, тарихшы, этнограф, археолог, философ, әдебиетшы және мәдениеттанушы мамандарға, сондай-ақ студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, ізденушілерге арналған. 
Өзгелердің жаңалығы