Күніне 26 мыңға жуық тест жасалуда – бас санитар

2 Маусым 2020, 16:29
2173
Бөлісу:
Күніне 26 мыңға жуық тест жасалуда – бас санитар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында айтты. 


Бас санитар 30 мамырда шыққан өзінің №38 қаулысындағы өзгерістерге тоқталды.
Біріншіден, карантиндік шектеулер жұмысын қайта бастаған нысандарға ғана жеңілдетіп отырған жоқпыз. Сонымен қатар, бұл талаптар науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты да жеңілдетілді. Ең алдымен, науқастармен жақын байланыста болған адамдардан тест алынады. Егер нәтижесі теріс болса, олар бұрынғыдай 14 күнге емес, 7 күнге үйде оқшауланады. Екіншіден, науқаспен потенциялдық байланыста болған адамдардан да тест алынады, тест нәтижесі теріс болса, олар оқшауланбайды, бірақ, олар денсаулығы нашарлаған жағдайда хабарлайтыны туралы қолхат жазып береді, - деді ол.
Айжан Есмағамбетова тестілеу көлемін арттырғаннан кейін вирус жұқтырғандардың да көлемі артып отырғанын жеткізді.
Елімізде коронавирус инфекциясы енді тіркеліп жатқан кезде, біз күніне 1000 тест жасасақ, қазіргі таңда күніне 26 мыңға тарта тест жасалуда. Бұл бойында инфекциясы бар, бірақ, еш симптомы байқалмайтындарды көптеп анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Бұған дейін олар стационарға жатқызылатын болса, кейін бұл қағида өзгертіліп, алғашқыда 3 күнге ғана жатқызылатын болды. Бірақ, үйде өзінің учаскелік дәрігерінің бақылауында болады. Қазіргі таңда аурудың белгілері білінбеген науқастар үйде қалып, өзі тіркеуде тұрған бастапқы медико-санитарлық көмек беру (БМСК) ұйымының жалпы тәжірибе дәрігері бақылауға алады. Мерзімі – 10 күнге дейін. Он күн өткен соң науқас қайта тестілеуден өтіп, нәтижесі теріс болған жағдайда, карантиннен шығарылады. Ал, егер тест нәтижесі оң болса, онда науқас карантинде 14 күнге қайтадан жатқызылады. Бұл мерзім өткеннен кейін ғана карантиннен босатылады. Қаулыға енгізілген негізгі өзгерістер осы, - дейді Есмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы