Күйеуінен 30 жыл бойы таяқ жеген әйел сотқа жүгінбеген 

14 Ақпан 2020, 16:18
2172
Бөлісу:
Күйеуінен 30 жыл бойы таяқ жеген әйел сотқа жүгінбеген 
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың судьясы, "Отбасылық сот" жобасының жетекшісі Айгүл Қайдарова айтты.

"Отбасылық сот" пилоттық жобасына елорда 2019 жылдың қаңтарында қосылды. Жобаның мақсаты – отбасыны сақтап қалуға көмектесу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуға мүмкіндік беретін неке-отбасы қатынастарынан туындайтын істерді қарау. Сондықтан жоба аясында мемлекеттің 13 мекемесімен меморандумға отырдық. Олардың арасында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, наркология және психология орталығы, аналар мен әкелер кеңесі, құқық қорғау компаниялары деген сияқтылар бар. Біз бұл жерлерге отбасыда жәбір көрген әйелдерді, балаларды жібереміз, - деді Айгүл Қайдарова. 
Оның сөзі бойынша, соттың ең бастысы мақсаты екі тарапты татуластыру емес, мұндай жағдайлардың алдын алу.
Тұрмыстық зорлық-зобылықтың алдын алу өте қиын. 2019 жылы бұл санаттағы істер саны 11 пайызға азайды. Десе де бұл аса қуанатын жай емес. Себебі көп мәселе сотқа жетпей, айтылмай келеді. Мысал келтіретін болсам, өткен жылы өз күйеуінен 30 жыл бойы таяқ жеген әйелдің ісін қарадық. Әйелдің айтуынша ол 30 жыл бойы соққыға шыдап, денесінің көгерген тұстарын киіммен жасырып жүрген. Күйеуі денесі қалып, бетінен ұра бастаған кезде ғана сотқа келген. Мұндай фактілер көп, сондықтан біз көбін біле бермейміз, - дейді судья. 

Оның айтуынша пилоттық жоба аясында барлық тарапқа тиісті жәрдем беріледі. Әйелі мен баласына психологиялық көмек көрсетіледі. Ал күйеуі арақ ішсе, емдеп, жұмыссыз болса, арнайы орталыққа жібереді. 2019 жылы психолог кеңесінен 1232 адам өткен. Осыған қоса наркологқа 196, жұмыспен қамту орталығына 38 адам жіберілді және заңгер көмегіне 22 адам жүгінген.




Өзгелердің жаңалығы