Қанат Баеділов қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

12 Мамыр 2021, 18:31
947
Бөлісу:
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қаржы вице-министрі қызметінен босатылды.

Қанат Баеділов 1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы облыстық қаржы басқармасының Алматы облысы бойынша Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-ревизоры болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған. 2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР қаржы вице-министрі қызметін атқарды.
Өзгелердің жаңалығы