Қандастардың арнайы қордан жер учаскесін алуға құқығы бар – Бимендина

27 Қазан 2020, 18:04
1736
Бөлісу:
Қандастардың арнайы қордан жер учаскесін алуға құқығы бар – Бимендина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Гүлжахан Бимендина «Отандастар қоры» жанындағы қоғамдық комиссия отырысында айтты.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, қандастарға шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл ретте шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін қандастарға уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерін беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерден жүзеге асырылады, - деді ол. 

Сондай-ақ ол қандастардың шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты өзге де қызметті жүргізу үшін арнайы жер қорының жерінен жер учаскесін алуға бірінші кезекте құқығы бар екенін айтты.

Аталған талаптарымен қандастар Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін пайдаланылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы жер балансының деректеріне сәйкес 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша босалқы жерлер 95,7 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары 78,3 мың га (егістік – 51,7 га, жайылым – 74,1 мың га, шабындық – 2,1 мың га, тыңайған жерлер – 2,0 мың га). Ал арнайы жер қоры 37,5 мың га құрайды, - деді ол.
Бұған дейін Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы «Отандастар қоры» жанындағы қоғамдық комиссия отырысында қандастарды мазалайтын мәселелерді атады.
Өзгелердің жаңалығы