Қандай тағамдарға тапсырыс бермеу керек

25 Қазан 2020, 13:38
2274
Бөлісу:
Қандай тағамдарға тапсырыс бермеу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетолог өзін-өзі оқшаулау кезінде қандай тағамдарға тапсырыс бермеу керек екенін айтты. 

Өзін-өзі оқшаулау кезінде адамдар үйге дайын тағамға жиі тапсырыс бере бастады. Қандай тағамдарды жиі сатып алудың қажеті жоқ екенін гастроэнтеролог, диетолог Нурия Диана Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.

Диетолог дайын тағамға тапсырыс беру кезінде көкөністер мен теңіз өнімдері көп тағамдарды таңдаған дұрыс екенін атап өтті. Талшықтың жоғары деңгейінің ағзаға пайдасы көп.

Пиццаға, фаст-фудқа жиі тапсырыс берудің қажеті жоқ. Қозғалыс азайған өмір салтында бұл тағамдар салмақ проблемаларына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, дәрігер жоғары калориялы тағамдар мен алкогольдің үйлесімі ұйқы безінің бұзылуына әсер ететінін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы