Қар басқан Алматы

13 Қаңтар 2021, 13:08
2959
Бөлісу:
Қар басқан Алматы
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда қалың қар жауып, тұрғындарді біраз әбігерге салды. Әсіресе таңғы уақытта қала көшелерінде ұзын-сонар көлік кептелісі орын алды.

Түңгі сағат сағат 04.30-дан бастап жауған қар сағат 10.00 шамасында саябырсыды. Дегенмен Қазгидромет түстен кейін қар қайта жауады деген болжам жасап отыр.

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.19 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.28.jpeg

Қала әкімдігінің мәліметінше, қаланың коммуналдық шаруашылығы көшеде көліктерге қиындық тудырмас үшін қар жауа бастаған сәттен  көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіре берістеріне мұзды ерітетін материалдар себілгенін хабарлады. 

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.26.jpeg

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.28 (1).jpeg

Түскен қар бірден сыпырылып, тазартылып отырған. Көктайғаққа қарсы 2650 м3 мұзға қарсы материалдар қолданылыпты.

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.20 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.23.jpeg

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы қалалық полиция Департаменті де тұрғындарды жол ережелері мен  қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.22.jpeg

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.25 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.27.jpeg

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.23 (2).jpeg

Түнгі сағат үштен бастап шаһарда 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды. Жауын-шашынның көп болуы қаладағы жол жағдайын едәуір қиындататыны анық: кептеліс құбылыстары бар, көліктердің өткізу қабілеті нашарлайды.  Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, көбінесе бұл құбылыстардың алдында жол қозғалысына қатысушылардың төмен тәртібі болады: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар жасайды, қауіпті маневр жасайды, бір-бірін сыйламайды, сол уақытта жаяу жүргіншілер, жолды дұрыс емес жерден кесіп өтеді.  Бұл факторлар жиынтықта жалпы жол жағдайына кері әсер етеді, - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.21.jpeg

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.21 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-01-13 at 12.41.29.jpeg


Өзгелердің жаңалығы