Қарағанды облысында екі жаңа өндіріс іске қосылды

12 Мамыр 2021, 22:45
2880
Бөлісу:
Қарағанды облысында екі жаңа өндіріс іске қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қарағанды облысында бірден екі жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Қарағанды облысында екі жаңа өндіріс іске қосылды

Оның алғашқысы жылына 2,5 миллион тоннаға дейін көмір концентратын өндіруге қабілетті "Казкарбон" заманауи байыту фабрикасы.

Инвестиция көлемі 12 млрд теңгені құрады. Фабрика құрылыс кезеңінде-ақ "Индустрия 4.0" деңгейіне сәйкес келетін заманауи технологияларды енгізудің үлгісіне айналды. Өндіріс үшін шикізат біздің қарағандылық көмір болып табылады. Яғни, қазақстандық қамту үлесі 100% - ды құрайды.Ең бастысы, фабрикада 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылып, өңірдің дамуына оң әлеуметтік-экономикалық әсер етеді - дейді облыс басшысы.

Қарағанды облысында екі жаңа өндіріс іске қосылды

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек Роман Скляомен бірге Қарағандыдағы жаңа "Ютария ltd" тігін фабрикасына барғанын айтты.

Қарағанды облысында екі жаңа өндіріс іске қосылды

Жаңа өндірісте 250-ден астам адам жұмысқа орналасады. Фабрика толық өндірістік қуатымен жылына 350 мыңнан астам тігін бұйымдарын шығара алады. Жаңа кәсіпорын медициналық қызметкерлерге арналған маскалар, халаттар мен жиынтық киімдерді тігуге мамандандырылған. Бұдан басқа, мұнда көмір өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін арнайы киім тігеді. Сондай-ақ мұнда тігінші, тігін өндірісінің конструкторы және технологы сияқты мамандықтарға оқыту және қайта оқыту орталығы ашылды - деді Жеңіс Махмұтұлы.

Қарағанды облысында екі жаңа өндіріс іске қосылды

Сонымен қатар "Сарыарқа "АЭА аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары мен балықтарға арналған жасыл жем-шөп өндірісі бойынша Virgin Soil Kz жобасы таныстырылды.

Қарағанды облысында екі жаңа өндіріс іске қосылды

Мұнда салынған инвестициялар шамамен 27 млрд теңгені құрап және мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда. Өндіріс қуаттылығы күніне мың тоннаға дейін жемшөпті шығаруға мүмкіндік береді. Биыл құрылысты бастап, алдағы 2022 жылы аяқтау жоспарлануда - дейді әкім.

Қарағанды облысында екі жаңа өндіріс іске қосылды

Сондай-ақ, Премьер – Министрдің орынбасары "Қарағанды-Балқаш" тас жолындағы жол жұмыстарының барысымен танысты. 

Қазіргі уақытта жұмыстардың 50% орындалды. Жаңа төрт жолақ бойынша жол қозғалысы ашылған учаскелер баршылық. Құрылысқа 9 асфальтбетон зауыты мен 10 ұсақтау-сұрыптау кешені жұмылдырылған. Жұмыс сапасын тексеру үшін алты аттестатталған жол зертханасы жұмыс істейді. Қайта құру аясында 10 көпір, ауыл шаруашылығы техникасына арналған 32 жол өтпесі, екі көлік айырығы және теміржол арқылы өтетін бір жол өтпесінің құрылысы қарастырылған - дейді облыс әкімі.
Өзгелердің жаңалығы