Қарағанды облысының 120 мыңнан астам тұрғынына вакцинаның бірінші компоненті салынды

6 Мамыр 2021, 00:20
1409
Бөлісу:
Қарағанды облысының 120 мыңнан астам тұрғынына вакцинаның бірінші компоненті салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 123 671 адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Екінші доза аймақтың 21 904 тұрғынына егілді. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

Қарағанды облысында күн сайын коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 200-ден 250-ге дейін жағдайы тіркеледі. Пандемия басталғаннан бері аймақта 24 мыңнан астам адам КВИ-мен ауырды.

Үй ошақтарында инфекция таралуының алдын алу үшін тәулік бойы бақылауға барлық жұқтырған пациенттер алынады. Олардың арасында асимптоматикалық және аурудың жеңіл ағымы бар адамдар бар. 288 мобильді бригаданың қызметкерлері пациенттердің жағдайын бақылайды, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.

Біз 4 819 төсек-орынды консервацияладық, оның ішінде 1 667-сі жұмыс істейді. Жансақтау бөлімшелерінде 72 қарағандылық бар. Көбінесе бұл 65 жастан асқан адамдар, – деп хабарлады Гамаль Тоқсамбаев. 

Вакцинация науқаны облыста 1 ақпаннан бастап басталған. Барлық қала мен аудандарда 115 иммундау кабинеті жұмыс істейді. Жұмыс күндері жұмыс істейтін сегіз ірі сауда орталығында егу кабинеттері ашылды.

Облыс тұрғындарын Қарағанды фармзауытында ресейлік технология бойынша өндірілетін «Спутник V» және қазақстандық QazVac препаратымен вакцинациялайды. Сондай-ақ аймаққа қытайлық Sinopharm вакцинасы келді.

Құрметті жерлестер, шыдамды болыңыздар! Пандемия жалғасуда. Барлық қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Вакцинацияланыңыздар! Иммундау ерікті және тегін жүргізіледі. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар! – деп денсаулық сақтау басқармасының басшысы өз сөзін қорытындылады.

Айта кетейік, облыс бұрынғысынша «қызыл» аймақта қалып отыр.


Өзгелердің жаңалығы