Қарағандыда студенттер арасында облыстық онлайн-спартакиада басталды

23 Ақпан 2021, 05:45
1326
Бөлісу:
Қарағандыда студенттер арасында облыстық онлайн-спартакиада басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда облыс әкімінің жүлдесіне студент жастар арасында ХV онлайн-спартакиада басталды. Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған спорттық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Жарыс 22-28 ақпан аралығында өтеді. Жеке және командалық біріншіліктер жоспарланған. Облыстың сегіз жоғары оқу орнының әрқайсысынан 43 қатысушы өнер көрсетеді. Жарыс форматына байланысты командалық ойындардан бас тартуға тура келді.

Пандемияға байланысты біз баскетбол мен волейболдан жарыстар өткізе алмаймыз. Барлығы сегіз спорт түрі болады: шаңғы жарысы, гір спорты, жеңіл атлетика, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, конькимен жүгіру спорты, президенттік көпсайыс. Спартакиаданың барлық түрлері бізге спорттық шараны онлайн режимінде өткізуге мүмкіндік береді, - деді спартакиаданың бас төрешісі Нұрлан Түсіпов.

Жалпы командалық сынақтың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің кубоктарымен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Әрбір спорт түрі бойынша алғашқы үш орын алған команда қатысушыларына грамоталар мен медальдар тапсырылады.

Мен жеңіл атлетикадан жарыстарға қатысамын. Университет студенттері. Мен оқып жатқан Е. А. Бөкетов атындағы университеттің студенттері осы оқу ордасына 11 рет жеңіс алып келді. Осындай спорттық жарысқа қатысу мүмкіндігі үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Біздің ЖОО бұл жолы да бірінші болады деп үміттенемін, - деп бөлісті жарысқа қатысушы Лаура Жәнібекова.

Өзгелердің жаңалығы