Қарағандыда жеке үйді тонап кеткен қылмыскерлер ұсталды

21 Сәуір 2021, 04:45
1850
Бөлісу:
Қарағандыда жеке үйді тонап кеткен қылмыскерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда жеке үйді тонап кеткен қылмыскерлер тобы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 наурызда 56 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жүгініп, белгісіз біреулер өзіне тиесілі жеке үйге кіріп, барлық бағалы заттарды алып кеткенін хабарлады.Ұрлық жәбірленуші бір тәулікке жуық болмаған кезде болған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп,полиция қызметкерлері ұрылар үйге терезенің пластикалық жақтауын қысып кіргенін анықтады. Кір жуғыш машинаны, электр пешін, электр арасын, тегістеу машинасын, дөңгелектер жиынтығын және резеңке дискілер жинағы қолды болған.

Шығын мөлшері 500 мың теңгеден асады.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

19 сәуірде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері үш күдіктіні – 20 жасқа дейінгі жастарды анықтап, ұстады. Олар кінәсін мойындап,қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы