Бас жаңалықтар
Қарағандылық полицейлер пәтер алаяғын ұстады
26 Қазан 2020, 14:20 162

Қарағандылық полицейлер пәтер алаяғын ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда ақпараттық технологиялардың көмегімен жасалған қылмыс ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

1 қазан күні Қарағанды қаласы Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 21 жастағы қала тұрғыны хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. 

Жәбірленуші өзіне қысқа мерзімге пәтер жалдап алуға бел буып, интернет арқылы пәтер іздеген. Хабарламаларды қарау барысында оған белгісіз адамның тиімді ұсынысы ұнап,  жалған пәтер иесі жалдамалы пәтерге алдын ала 10 мың теңге жіберуді өтінген. 

Жәбірленуші ақшасын жіберіп, пәтерді алуға келгенде ол үйде басқа адамдардың тұратынын және өзінің алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға хабарлаған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық)  сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы азаматты ұстады, ол қылмысын мойындады. 

Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...