Бас жаңалықтар
Карантин кезінде отбасылық жанжал 21 пайызға артты
06 Тамыз 2020, 17:34 207

Карантин кезінде отбасылық жанжал 21 пайызға артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің бастығы Әсет Оспанов  айтты. 

Биыл пандемияға қатысты әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылық  жағдайлары көбейді. Өкінішке қарай, Қазақстан да бұдан тыс қалмады. Отбасылық зорлық-зомбылық 21 пайызға артты. Қазір полиция карантин талаптарын сақтау бойынша күрделі кезеңде жұмыс істеп жатыр. Жүктеменің жоғарылығына қарамастан көше мен қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтаумен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу деректерін де тіркеп жатыр, - деді ол. 
Оспанов айтып өткендей, зорлық-зомбылыққа бейім азаматтар қашықтан бақыланып жатыр.
Оларды әлеуметтік мессенджерлердің видеобайланысы арқылы бақылау жүзеге асырылып жатыр. Үйдегі оқиғаға визуалды баға беріледі. Полиция органдарына зорлық-зомбылық оқиғасына қатысты қоңыраулар бойынша арнайы алгоритм әзірленді. Онымен дүкен мен дәріхана сатушылары және 12 мың жәбірленуші танысты.
Өзін-өзі оқшаулау кезінде 8 мыңнан астам азамат тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша жауапқа тартылды. Оның жартысы әкімшілік қамауға алынды. Дағдарыс орталығына 500-ден астам  жәбірленуші бағытталды, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...