Карантин кезінде тегін киноны қайдан көруге болады?

26 Наурыз 2020, 14:19
1579
Бөлісу:
Карантин кезінде тегін киноны қайдан көруге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде Kaztube онлайн кинотеатры іске қосылды.

Kaztube.kz бейне порталы – еліміздегі алдыңғы қатарлы порталдардың бірі. Осы уақытқа дейін бейне портал өзінің миллионнан астам аудиториясына көптеген видео контент ұсынып келді. Бұл видеосервистің түпкі мақсаты – отандық киноиндустрия саласын қолдау және интернет кеңістігінде мемлекеттік тілдің деңгейін көтеруге атсалысу.

Қазір бейне портал онлайн кинотеатрға айналды. Сайттың бес бөлімі бар, оның ішінде премьералар жеке айдарға жинақталған. Ал кішкентай көрермендер үшін 20-дан астам мультсериалы бар кaztube.balapan атты арнайы блог қарастырылған.

Сайт SmartTV сияқты барлық заманауи құрылғыларда қолжетімді. Мобильді қосымшаны Android пайдаланушылары PlayMarket-тен көшіріп ала алады. Ал iOS пайдаланушылары үшін әзірге дайындалып жатыр. Сервистің жұмысына қатысты ұсыныс-пікірлерді қолдау қызметіне жіберуге болады.

Айта кету керек, жаңа форматтағы kaztube.kz өзінің тұрақты пайдаланушыларына отандық туындыларды тегін онлайн көру мүмкіндігін ұсынып отыр.

Қазақстандық кино әлемін ашыңыз!

Өзгелердің жаңалығы