Бас жаңалықтар
Карантин: Корей елшісі корей фильмдерінің топтамасын ұсынды
01 Сәуiр 2020, 18:25 195

Карантин: Корей елшісі корей фильмдерінің топтамасын ұсынды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Корей елшісі қазақстандықтарды төтенше жағдай уақытында қолдау мақсатында корей фильмдерінің топтамасын ұсынды.

Дипломаттың айтуынша, коронавирустың таралуы елшіліктің жұмысына да өз кесірін тигізген.
Бәріміз қазір қиын жағдайды бастан өткеріп жатырмыз. Коронавирустың таралуы менің елшілігіме де өз әсерін тигізді. Қазіргі қиын сәтте қазақстандық достарымызбен байланысымыз үзіліп қалғандай. Біз бұл қиындықты бірге еңсеруіміз қажет, деді Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик мырза. 

Осы ретте осындай қиын уақытта елші өзінің ақ ниеті мен тілегін білдіру мақсатында корей фильмдерінің топтамасын ұсынғысы келетінен айтты.
Корей киноларын көру елде және әлемде болып жатқан коронавирус туралы соңғы жаңалықтардан сіздің көңіл-күйіңізді аулайды деп үміттенемін. Сондай-ақ осы фильмдерді көру арқылы біз сізбен қайта жүздесе аламыз. Жақында бұл қиындықты жеңеміз. Сондықтан уақытты Наурыздың көңіл-күйімен, яғни жаңару мен қуанышпен өткізейік. Сіздерге мықты денсаулық пен бақыт тілеймін, – деп жазды Корей дипломаты.

Сонымен қатар, елші қазақстандықтарды көктемнің келуімен құттықтады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...