Бас жаңалықтар
Карантин. Пойыз билеттерін қайда қайтаруға болады
18 Наурыз 2020, 21:29 393

Карантин. Пойыз билеттерін қайда қайтаруға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған төтенше жағдай ескеріле отырып, жолаушылар билеттері үшін ақша қаражатын толық көлемде қайтаруды жүзеге асыру шешімі қабылданды. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ ақшалай қаражаттарды өз кассаларында ғана емес, сонымен қатар жеке кассаларда, Сіз үшін кез келген ыңғайлы күні, бүгінгі күннен бастап 6 ай бойы, пойыздың жөнелтілу датасына қарамай, қандай да бір айыппұл санкциясын қолданбай толық қайтаруды жүзеге асырады. Жөнелтілген пойыздар бойынша ақшалай қаржыны қайтару жолаушының жол жүрген фактісі тексерілгеннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады - делінген хабарламада.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ 24 сағаттық жұмыс режиміне ауыстырылды.

Осыған байланысты, жолаушылардан дүрбелең туғызбауды, бір біріңізден 2 метр қашықтықта тұруларыңызды, карантин режимін сақтауларыңызды, қалыптасқан жағдайға шыдамдылық таңытуды және түсіністікпен қарауды сұраймыз.Теміржол билеттерін қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес жеке билет кассалары арқылы қайтару жүргізуге болады - дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

Билеттерді қайтару орынының тізбесін мына жерден көруге болады


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...