Карантин режимін сақтамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

2 Шілде 2020, 15:35
2385
Бөлісу:
Карантин режимін сақтамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «КВИ таралмау мақсатындағы шаралар аясында карантин енгізу жоспары туралы» брифинг барысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

29 маусым күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронаирус инфекциясының таралуына қарсы шараларға байланысты арнайы кеңес өткізген болатын. Кеңес барысында Үкіметке бірнеше нақты міндет қойылды. Осыған орай бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары, арнайы іс-әрекет жоспарлары қаралды.

Аталған жоспарда азаматтар мен бизнестің мүддесі толық ескерілген. Сол жоспарға негізделе отырып, инфекцияның таралуын тұрақтандыруға бағытталған шектеу шараларын биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Соған сәйкес  көлік қатынасы бойынша елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақталады, жолаушылар темір жол қатынасы көлемі қысқартылады, өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтатылады, аймақтар арасында жеке көлікпен жүруге рұқсат етіледі, қоғамдық көліктің жұмысы уақыт бойынша шектеледі. Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша, ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады. Бірақ ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат етілген. Сонымен қатар, тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуге шектеу қойылады және 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуы шектеледі, - деді ол.

Ералы Тоғжанов брифинг барысында қандай нысандардың қызметіне тыйым салынатынын да айтты. Оның айтуынша, жұмысы жалғаса беретін нысан басшылары қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қатаң эпидемиологиялық режим талаптарын сақтауға міндеттеледі. 

Қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру кезінде жағдай үнемі бақыланып, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі сараланып отырады. Карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін азаматтар 30 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салғым келеді. Ал, кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен жоғары көлемде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тиісті нормативті-құқықтық акт осы аптада тағайындалатын болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы