Карантин талабы қандай жағдайда күшейеді? Министр жауабы

10 Қыркүйек 2020, 14:40
2187
Бөлісу:
Карантин талабы қандай жағдайда күшейеді? Министр жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қандай жағдайда карантин талабы күшейетініне тоқталды.

Басты өлшемдердің бірі – ауруханалардағы төсек-орындардың 70 пайызға толуы. Егер төсек-орындарда орын жетіспеушілігі туындаса, бұл мәселені мемлекеттік комиссияның отырысында көтереміз. Ал қазіргі таңда төсек-орындар 15 пайызға толған. Бүгінгі таңда біз елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылап отырмыз. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, - деді Цой.
Бұған дейін министр Қазақстанда коронавирустық пневмониямен сырқаттану көрсеткішінің күрт өсу себептерін айтып берген еді.
Өзгелердің жаңалығы