Бас жаңалықтар
Кардиологтар өз бетінше емделмеуді және майлы тағам қабылдамауды ұсынды
12 Тамыз 2020, 18:48 348

Кардиологтар өз бетінше емделмеуді және майлы тағам қабылдамауды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық кардиологтар COVID-19 індетімен күрес кезінде өз бетінше емделмеуді және майлы тағам қабылдамауды ұсынуда.

Қаланың Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-сұхбат барысында "Қалалық кардиологиялық орталық" директоры Алмат Қодасбаев жүрек қан тамырлары ауруларымен ауыратын науқастарға коронавирус инфекциясын жұқтыру немесе соған ұқсас белгілер байқалған жағдайлар болса деп бірнеше ұсыныс берді.

Маманның атап өтуінше, коронавирус жүректің бұлшықет клеткаларына әсер ететіндіктен, жүрек қан тамырлары бар науқастарда коронавирус инфекциясы басқаларға қарағанда ауыр өтеді. Сол себепті емдеу кардиологтың қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Біз өзіміздің барлық пациенттерімізге қандай жағдай болмасын тағайындалған негізгі препараттарды қабылдаудан бас тартпауды ұсынамыз. Препараттарды өз бетінше ауыстырмау керек. Мүмкіндігінше жақын маңдағы медициналық мекемеге бару керек, — деп атап өтті Алмат Қодасбаев.

Ол жүрек ауруларымен бірге коронавирусты емдеу антибиотиктерді қабылдау сияқты, дәрігердің қатаң бақылауында жүзеге асырылуы керектігін атап өтті.

Сонымен бірге, маман бүгінде халық арасында майлы тағамды пайдалану коронавирус инфекциясынан тез жазылуға әкеледі деген пікір бар екенін айтты. Алайда, ол жүрек қан тамырлары аурулары бар науқастарға коронавирус инфекциясы кезінде бұл кеңеске құлақ аспауға және майлы тамақты тұтынбауға шақырды. Себебі майлар мен холестерин жүрек қан тамырлары жүйесіне қосымша күш түсіреді.



Фото: дереккөз
Загрузка...