Қарин саяси реформалардың 3-пакеті аясында қандай заңдар қаралатынын айтты

25 Ақпан 2021, 11:07
3460
Бөлісу:
Қарин саяси реформалардың 3-пакеті аясында қандай заңдар қаралатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында айтты. 

Қазан айында өткен Ұлттық кеңестің 4-отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау бойынша 21-тармақтан тұратын арнайы іс-шаралар жоспары қабылданды. Берілген тапсырмалардың тиісті түрде орындалуы хатшылық бақылауына алынды, - деді ол. 

Қарин Ұлттық кеңес мүшелері тапсырмаларды орындау барысы хатшылықтың ерекше назарында екенін айтты. 

Атап айтқанда, қаңтар айының басында саяси реформалардың бірінші пакеті аясында соңғы заң қабылданған болатын. Ол өлім жазасының күшін жоюға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық фактіге екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы ҚР заңы болды, - деді ол. 

Ол атағандай, саяси реформалардың екінші пакеті бойынша 5 заң жобасы және Президент Жарғысы әзірленіп жатыр. 

Өз кезегінде саяси реформалардың 3-пакеті аясында алдағы уақытта 3 заң жобасын әзірлеу қарастырылуда. Олардың ішінде саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға өзгерту, сайлау бюллетеньдерінде «бәріне қарсымын» тетігін енгізу және  басқа да бастамалар әзірленеді, - деді Қарин.

Қарин атағандай, 2020 жылы Ұлттық кеңес мүшелерінің 13 отырысы онлайн өткізілді. 

Кездесулер барысында министрліктер мен кеңес мүшелері бастамалар бойынша ұсыныстарын айтты. Ұсынылған мәселелерді одан әрі пысықтау үшін министрліктер тобындағы жұмысқа қосылды. Президент кеңес мүшелерін қабылдауды тәжірибеге айналдырды. Ұлттық кеңес құрылғалы 26 отырыс өткізілді, - деді Қарин.
Бұған дейін бүгін Президенттің қатысуымен Ұлттық кеңестің отырысы болатыны айтылды.
Өзгелердің жаңалығы