Картоп өсіруге ғылыми қолдау көрсетіледі

29 Ақпан 2020, 04:33
1955
Бөлісу:
Картоп өсіруге ғылыми қолдау көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы Қазақстанда картоп өсіру мен оны қайта өңдеуге ғылыми қолдау көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ мен "Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағы" ЗТҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ҰАҒБО тарапынан меморандумға орталықтың, басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков қол қойды.  

Меморандум мақсаты – серіктестік қарым-қатынас орнатып, картопты өндіру мен қайта өңдеуді ғылыми қолдауға бағытталған тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту.

Атап айтсақ, тараптар Мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми зерттеу институтын (ҚазЖКҒЗИ) қаржыландыруды және Одақпен келісілген және Одақ мүшелері қаржыландыратын жобалар үшін гранттар бөлуде ынтымақтастық орнатуға, Павлодар ауылшаруашылық тәжірибелік станция базасында Картоп орталығын құруға, ҚазЖКҒЗИ және ПАШТС материалдық-техникалық базасын дамытуға, NAK голландиялық картоп тұқымын сертификаттау жүйесінің Қазақстанға берілуі жөнінде, жаңа отандық және ең жақсы шетелдік сорттарды іріктеуге, ауылшаруашылық технологияларын жасау және дамытуға, фермерлерге білім беру (экстеншн), ғалымдарды ынталандыру мақсатында роялти жүйесін пайдалануға, тұқым сапасын қадағалауға, органикалық картоп өндірісін арттыруға, сонымен қатар бастапқы тұқым мен элиталық тұқым өндірісі жеке тұқым шаруашылықтарымен бірлесе жұмыс атқаратын Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми зерттеу институтына тиесілі болады, ал одан әрі тұқым шаруашылығы жеке тұқым шаруашылықтарына қарайтын тұқым өндірісі жүйесін құруға келісім жасасты.
ҰАҒБО ғылым мен агробизнесті біріктіретін орталық ретінде агробизнеске ғылыми әзірлемелер мен ұсыныстар бере отырып, саланы дамытуға мүдделі. Бүгінгі қол қою рәсімі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ, – деп атап өтті өз сөзінде Т.Рақымбеков.
"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ – бұл Қазақстанның аграрлық саласының ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекет және бизнеспен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы, ғылыми-білім беру орталығы.

"ҰАҒБО" КеАҚ аграрлық ғылымның практикалық тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жан-жақты жәрдемдесуді қамтамасыз етеді.

Олардың қатарында: сұрыптардың өнімділігін арттыру үшін егін шаруашылығында инновациялық тәсілдерді енгізу, жаңа технологияларды апробациялау және енгізу үшін тәжірибе шаруашылықтарының негізінде демонстрациялық алаңдарды құру, Қазақстан Республикасының АӨК дамыту үшін отандық және шетелдік ғылыми зерттеу әзірлемелерін жасау, аграрлық саладағы ғылыми ортаны нығайту және одан әрі дамыту.



Өзгелердің жаңалығы