Қаржымині қызметкерлерінің жартысына жуығы КВИ-ге қарсы екпе алды

23 Сәуір 2021, 12:18
955
Бөлісу:
Қаржымині қызметкерлерінің жартысына жуығы  КВИ-ге қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 сәуірдегі жағдай бойынша Қаржы министрлігі қызметкерлерінің 47%-ы екпе салдырды. Олар министрліктің орталық аппараты мен комитеттерінің қызметкерлері. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы министрлігіндегілер вакцина вирусты жеңудің жалғыз жолы екеніне сенімді. Министрлік пен комитеттердің медициналық бекеттерінде вакцинация орталықтары құрылған, онда қызметкерлер медицина мамандарымен кеңесіп, вакцина ала алады, - делінген хабарламада.

Бүгін КВИ-ге қарсы екпені Қаржы министрлігінің аппарат жетекшісі де алды. Абзал Бейсенбекұлы вакцинадан кейін өзін жақсы сезінетінін атап өтті.

Мен жаңа ғана вакцинаны алдым. Енді 30 минут бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында боламын. Ешқандай жағымсыз әсер сезінбедім. Жағдайым жақсы. Бақылаудан соң, әдеттегі жұмыс күнімді жалғастырамын, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы