Бас жаңалықтар
Кашмир халқының құқығы шектеліп отыр – елші
PHOTO VIDEO
27 Қаңтар 2020, 14:46 721

Кашмир халқының құқығы шектеліп отыр – елші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біздің буын Пәкістанды шайы арқылы таныды. Бала күнімізде аналарымыз "Пәкістанның шайынан" ішейік деп айтып отыратыны есімізде. Текстилін де жақсы көрдік. Бүгінде Пәкістан қазақстандық жастар үшін көп оқу грантын ұсынып отыр. Тіс дәрігері болғысы келетіндердің мүмкіндігі зор. 

Совет үкіметі мен Ауған соғысы кезінде 3,2 млн ауғанға пана болған Пәкістан жайлы көпшілік білгісі келетін сауалдар көп. Неліктен Пәкістан Арменияның тәуелсіздігін мойындамай келеді? Неге Үндістан мен Кашмир дауы ғасырларға созылды? Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық қатынастың ахуалы қандай? Бұл сұрақтардың жауабын Пәкістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Imtiaz Ahmad Kazi мырзадан сұрадық.

Өткенде үнді елшісі сұхбат берген болатын. Енді Пәкістанға тұғыр беріп отырмыз. Редакция еш тарапқа болыспайтынын және айтары бар тарапқа әрқашан тұғыр беретінін ескертеді.

Мақалаға өту


Фото: дереккөз
Загрузка...