Кaspi.kz-тегі ақау: Осындай жағдайда азаматтардың дербес деректеріне қауіп төне ме?

29 Қазан 2020, 13:53
1065
Бөлісу:
Кaspi.kz-тегі ақау: Осындай жағдайда азаматтардың дербес деректеріне қауіп төне ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәжілісін өткізді. Министрге тілшілердің бірі 28 қазандағы Kaspi банкінде болған техникалық ақауларға қатысты сауал қойды. 

Ондағы жеке деректердің қолды болмауына мемлекет кепілдік бере ала ма? Сол деректерді банктер клиент тартуға пайдаланып кетпей ме? Қауіпсіздік мәселесі қалай шешілген, - деп сауал қойды тілші.

Ол бұл банктер қол қойған келісім үшін жеке деректерді заңсыз қолданғаны үшін заңды тұлға ретінде жауап беретінін айтты.

Екінші деңгейлі банктердің бәрі ақпараттандырудың критикалық маңызды нысандар тізіміне кіреді. Барлық маңызды нысан ақпараттандыруға қойылатын бірыңғай техникалық талаптарды сақтауы тиіс. Олардың қалай істеу керек және не істеу керек екені көрсетілген. Егер кімде-кімнің ЖШС-да немесе басқа мекемеде жеке деректерді пайдаланған жағдайлары болса, онда ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағым жасай алады. Біз аталған орынға барып тексереміз, - деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, кепілдік бойынша қазір бірінші кезеңде сенімге ие болған екінші деңгейдегі банктердің саны шектеулі. Бұл мәселе пысықталып жатыр екен. 

Біз мемлекеттік қызметтің тұрғындарға барынша ыңғайлы жерде көрсетілгенін қалаймыз. Сондықтан осы жолда бизнестің қалыптасуына мүмкіндік береміз,м- деді министр.

Айта кетейік, 28 қазан күні Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақау туындады. Салдарынан клиенттердің шотындағы қаржы сомасын қате көрсетіліп жатты. Кейін ақау жойылып, барлығы қалпына келтірілді.

Өзгелердің жаңалығы