Каспий жағалауындағы қалада «Оқушылар сарайы» бой көтереді

28 Сәуір 2021, 14:58
1782
Бөлісу:
Каспий жағалауындағы қалада «Оқушылар сарайы» бой көтереді

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Қала тұрғындарына қуанышты жаңалықпен шаһар әкімдігі әлеуметтік желілерде бөлісті.

Жоба бойынша жалпы көлемі 3 гектардай жерді алатын 3 қабатты ғимарат 17-ші мөлтек ауданда салынады. Нысан аумағы 6500 шаршы метрді құрайды.

Бастапқы жоспарға сәйкес замал талаптарына сай салынатын «Оқушылар сарайы» бір мезетте 1 мың баланы қабылдай алады. Оның 1-ші қабатында көркемсурет, фото және бейнетүсірілім шеберханасы, дыбыстық жазба студиялары, пәндік сыныптар мен қысқы бақ орналасады. Одан жоғары қабатта 700 адамдық көрермен залы, көрме бөлмелері мен кітапхана болады деп күтілуде. Ал 3-ші қабатында келушілер ғылыми музей, робототехника бөлмелері мен обсерваторияны көре алады. Маңғыстау облысында дарынды жеткіншектер өте көп. Олардың сабақтан бос уақытын тиімді өткізуі үшін мұндай жоба аса маңызды екені даусыз - деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Елдар Машырықов.

Каспий жағалауындағы қалада «Оқушылар сарайы» бой көтереді

Өз мерзімінде қолданысқа берілген соң «Оқушылар сарайының» есігі мектеп жасындағы балалар үшін ашық. 

Мұнда әртүрлі пәндер бойынша сынақ жұмыстарын жүргізуге, киберспорт және коворкинг орталығын құруға және мәдени-көпшілік әрі спорт жарыстарын өткізуге мүмкіндік мол болады, - деп сендіреді жауапты мамандар. 

Өзгелердің жаңалығы