Қазақ даласына «Союз МС-17» ғарыш кемесі қонды

17 Сәуір 2021, 11:45
1247
Бөлісу:
Қазақ даласына «Союз МС-17» ғарыш кемесі қонды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық ғарыш станциясының экипажы бар «Союз МС-17» ғарыш кемесі қазақ даласына сәтті қонды, деп жазды РИА Новости.

Кеме жарты жылдық сапардан оралды. Оның экипаж мүшелері ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков, Сергей Кудь-Сверчков және американдық  Кэтлин Рубинс. 

«Союз МС-17» ғарышта 184 тәуілік болды. Экспедиция барысында ғарышкерлер 11 жыл бойы ашылмаған станция люгі арқылы ғарышқа шыққан. 

Ғарыш кемесінің қону сәті мен экпиаж мүшелерін қарсы алу Роскосмос арқылы трансялциялануда. 

Қазіргі уақытта ғарыш кемесінің қонған жеріне тікұшақтар мен эвакуацяилық көліктердің аттанғаны белгілі болды.


Өзгелердің жаңалығы