Қазақ файтері UFC-мен келісімшартқа отырды

14 Сәуір 2021, 00:19
1696
Бөлісу:
Қазақ файтері UFC-мен келісімшартқа отырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайлық қазақ файтері Сайран Нұрданбекұлы UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шаилан (Сайранның есімінің қытайша дыбысталуы) америкалық промоушен туы астындағы алғашқы кездесуін 23 мамырда Лас-Вегаста өткізеді. Қандасымыз UFC Fight Nights 188 турнирінде аустралиялық Джошуа Кулибаомен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Нұрданбекұлы ММА-да 19 мәрте жеңіске жетіп, алты рет жеңілген.

 

Instagram желісіндегі MMA Fighters KZ парақшасының жазуынша, Сайран Іле-Қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданында дүниеге келген.

Өзгелердің жаңалығы