Қазақстан бір аптадан бері «қызыл» аймақта тұр – Цой

7 Сәуір 2021, 17:02
2363
Бөлісу:
Қазақстан бір аптадан бері «қызыл» аймақта тұр – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

1950 жылдан бастап әр жыл сайын 7 сәуірде адамзат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) құрылуына орай Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді. Жыл сайын бұл атаулы дата белгілі бір тақырыпқа арналады. Биылғы тақырып - «Әділетті, дені сау әлем құрайық». Сонымен қатар 2021 жыл - халықаралық медициналық-санитарлық және әлеуметтік қызметкерлер күні болып бекітілді. Мұндай шешіммен әлем халқын ДДСҰ бұл қызметкерлеріне COVID-19 пандемиясымен күрес жолындағы ерен еңбегі үшін құрмет көрсетуге шақырды, - деді ол.

Министр брифинг аясында Қазақстанда 7 сәуірдегі жағдай бойынша COVID-19-дың оң нәтижесімен 258 917 науқас және КВИ- нәтижесімен 50 955 жағдай тіркелгенін айтты. КВИ+ бар 228 089 науқас және КВИ-мен ауыратын 49 290 науқас сауығып шыққан.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында КВИ-мен сырқаттанушылық көлемі өсуде. Жалпы сырқаттанушылықтың 63%-ы Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының және Алматы облысының тұрғындарына тиесілі. Алматы қаласында жағдайлардың тіркелуі ақпан айында тәулігіне 100 жағдайдан сәуір айында тәулігіне 600 жағдайға дейін ұлғайды. Нұр-Сұлтан қаласында жағдайлардың саны ақпан айында тәулігіне 100 жағдайдан сәуір айында тәулігіне 500 жағдайға дейін артты. Алматы облысында ақпан айында 70 жағдай болса, сәуірде бұл көрсеткіш тәулігіне 270 жағдайға дейін жеткен, - деді Цой.

Министрдің айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, Қазақстан бір апта бойы жоғары қауіп аймағында яғни, «қызыл» аймақта тұр.

Сондай-ақ «қызыл» аймақта тағы 8 өңір бар: Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Алматы облыстары, оның ішінде Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл» аймақта бір айдан бері тұрса, Батыс Қазақстан облысы соңғы 20 күн бойы, Атырау облысы - соңғы 2 апта бойы, Ақтөбе және Алматы облыстары – апта бойы, Ақмола - 2 күн бойы, Қарағанды – 1 күннен бері тұр. «Сары» аймақта - Шымкент қаласы. Қалған 8 аймақ «жасыл» аймақта орналасқан, - деді ол.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалған, «сары» және «қызыл» аймақтарға (Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Батыс Қазақстан және Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Ақмола және Алматы облыстары) көшкен өңірлерде байланыстарды қысқартуға және инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған қосымша шектеу шаралары енгізілді.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығын білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы