Қазақстан сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ СІМК-не қатысты

3 Желтоқсан 2020, 20:51
1476
Бөлісу:
Қазақстан сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ СІМК-не қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ЕҚЫҰ СІМК) 27-ші отырысы алғаш рет бейнеконференция форматында өз жұмысын бастап, 57 елдің сыртқы саяси ведомство басшыларының қатысуымен өтуде. 

Отырыстың күн тәртібіне Албанияның төрағалығымен өткен Ұйымның ағымдағы жылдағы жұмысының қорытындылары және ЕҚЫҰ кеңістігіндегі геосаяси ахуалдың өзекті мәселелерін талқылау кірді. 

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарды. Отырыстың маңызды мәселелерінің бірі ЕҚЫҰ жаңа басшыларын - Бас хатшыны, ДИАҚБ Басшысын, Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарды және БАҚ мәселелері жөніндегі өкілді сайлау болды. 

Министр М.Тілеуберді өз сөзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалары туралы хабардар етті.  Ол сонымен қатар 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына дайындық туралы хабарлады. 

ЕҚЫҰ Астана Саммитінің 10 жылдығын атап өтіп, М.Тілеуберді ортақ еуразиялық және еуроатлантикалық қауіпсіздік кеңістігін қалыптастыру үшін бірлескен күш-жігер салуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы