Бас жаңалықтар
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы ресейлік  вакцинаның өндірісі басталады
04 Желтоқсан 2020, 23:00 258

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаның өндірісі басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) әлемде алғашқы тіркелген коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын тіркеп, сондай-ақ оны өндіру және тарату рәсімін жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау vинистрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімге бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФТИҚ Бас директоры Кирилл Дмитриев қол қойды.

Қазақстан Республикасының реттеуші органдары қажетті рәсімдерді аяқтағаннан кейін Ресей Федерациясы технология трансферін жүргізеді және ел аумағында «Спутник V» вакцинасының кемінде 2 млн дозасын өндіруге арналған субстанцияны жеткізеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен Қазақстан Республикасының аумағында «Спутник V» вакцинасын шығаратын зауыт салу туралы келісті. Бұл Келісім екіжақты қарым-қатынасқа серпін береді, сондай-ақ коронавирус инфекциясы пандемиясымен тезірек күресуге мүмкіндік туады деп сенемін, - деді Цой.

Сондай-ақ, РФТИҚ Бас директоры Дмитриевтің айтуынша, бұл келісімнің келісімнің арқасында екі ел арасында технологиялық, ғылыми және медициналық тәжірибе алмасу кеңейеді.

РФТИҚ мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімнің арқасында халыққа адамның аденовирустық векторларының тексерілген және жақсы зерттелген платформасында құрылған тиімділігі 91% асатын коронавирусқа қарсы вакцина қолжетімді болады. Қазақстан аумағында «Спутник V» вакцинасын шығару логистикалық шығындарды азайтуға және қысқа мерзімде вакцинаны медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі ел арасында технологиялық, ғылыми және медициналық тәжірибе алмасу кеңейеді, - деді РФТИҚ Бас директоры Дмитриев.

Қазіргі уақытта Беларусь Республикасында, БАӘ, Венесуэлада және бірқатар басқа елде «Спутник V» вакцинасының III клиникалық зерттеу фазасы, сондай-ақ Үндістанда II-III фаза мақұлданды және жүргізілуде. 50-ден астам елден 1,2 млрд астам доза сатып алу туралы өтінім түсті. Шетелдік нарыққа арналған вакцинаны РФТИҚ халықаралық серіктестері Үндістан, Бразилия, Қытай, Оңтүстік Корея және тағы төрт ел шығаратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қарашада Н.Ф. Гамалеи атындағы ЭМҰҒО мен РФТИҚ рандомизацияланған плацебо-бақыланатын клиникалық тіркеуден кейінгі коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы 40 000 еріктінің қатысуымен зерттеудің III кезеңінің екінші аралық талдауының оң нәтижелерін жариялады. Зерттеудің аралық нәтижелері тағы бір рет адамның аденовирустық векторларының жақсы зерттелген платформасында құрылған әлемдегі алғашқы тіркелген коронавирусқа қарсы вакцина «Спутник V» вакцинасының жоғары тиімділігін көрсетті. Тиімділікті бағалау вакцинаның бірінші инъекциясын (екінші инъекцияны алғаннан кейінгі 7-ші күн) немесе клиникалық зерттеу хаттамасына сәйкес екінші бақылау нүктесіне жеткенде плацебо алғаннан кейінгі 28-ші күні 18 794 ерікті арасында жүзеге асырылды. Талдау қорытындысы бойынша «Спутник V» тиімділігі 91,4% құрады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...