Бас жаңалықтар
Қазақстанда жастарға арналған екі жаңа жоба басталды
12 Мамыр 2021, 13:14 685

Қазақстанда жастарға арналған екі жаңа жоба басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Профнавигация» жобалары басталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттар шеңберінде Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жас қазақстандықтарды танымал ету мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы басталды. Сондай-ақ заманға сай сұранысқа ие мамандықтардың дағдылары мен құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған «Профнавигация» жобасы басталғанын мәлімдеймін, - деді ол.

Баймановтың сөзінше, министрлік үкіметтік емес ұйымдарға гранттар арқылы қолдау көрсетіп отырады.

Бұл жастар ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдарын қолдауға, сонымен бірге ашықтық принципін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың бірі. «Тәуелсіздік ұрпақтары» - ең алғашқы, бірінші жоба. Оның мақсаты – тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жас қазақстандықтарды жетістіктерімен танымал ету, оны жастар арасында насихаттау, - деп атап өтті комитет төрағасы.

Елімізде 14-29 жас аралығындағы 3,7 млн азамат бар. Бұл халық санының 20,2 пайызын құрайды.

Ол Елбасының бастамасымен, Президенттің қатысуымен 2 мамырда Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың нақты тарихын көрсетуге бағытталған «100 жаңа есім» жобасы өткенін атап өтті. Бұл жобада Қазақстанда және шетелде танымал болған жас буын өкілі Санжар Тайжан жобаның жеңімпазы атанды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...