Қоғамдық кеңестердің мүшелерін мерзімінен бұрын алып тастауға болады

24 Қазан 2020, 11:40
1453
Бөлісу:
Қоғамдық кеңестердің мүшелерін мерзімінен бұрын алып тастауға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық кеңестер жөніндегі заң жобасы қоғамдық кеңестер мүшелерін олардың құрамынан мерзімінен бұрын шығару үшін негіздемелер тізбесін нақтылауға көмектеседі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының негізгі ережелерін таныстырды. 

Іс-шараға Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестерінің басшылары, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-нің өкілдері және сарапшылар қатысты. 

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Заң жобасының қоғамдық-саяси маңыздылығын атап өтті. 

Біздің азаматтарымыздың бағалауы бойынша Қоғамдық кеңестер қоғамдық пікір білдірудің және қоғам мен билік арасындағы диалогтың дербес және маңызды институты ретінде қалыптасты, - деп атап өтті депутат. 

Заң жобасы жергілікті деңгейде сандық құрамды және республикалық деңгейде қоғамдық кеңестер құрамының сандық параметрлерін белгілеу бойынша бірыңғай тәсілді ұсынады. 

Қоғамдық тыңдауларды, қоғамдық сараптаманы, қоғамдық мониторингті, мемлекеттік органдар басшыларының есептерін ұйымдастыру және өткізу тәртібін нормативтік бекіту ұсынылады. 

Қоғамдық кеңестерге қажет болған жағдайда қоғамдық бақылаудың әртүрлі нысандарын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту мүмкіндігін беру ұсынылады. Заң жобасында қоғамдық кеңестер саласындағы уәкілетті органды айқындау арқылы мемлекет пен қоғамдық кеңестердің өзара іс-қимыл жасау тетігі белгіленеді, оның құзыретіне қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру кіреді. Бұл органға Мемлекет басшысына қоғамдық кеңестердің қызметі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау және енгізу бойынша өкілеттіктер берілетін болады, - деп хабарлады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов. 

Айта кетейік, Қазақстанда түрлі деңгейдегі 234 Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Республикалық деңгейде – 18 Қоғамдық кеңес, өңірлік деңгейде – 216 кеңес (облыстар деңгейінде, Нұр-Сұлтан мен Алматы, Шымкентте17, қалалар мен аудандар деңгейінде - 199.

Өзгелердің жаңалығы