Қазақстандық ғалымдар Web of Science Awards сыйлығын алды

25 Қараша 2020, 18:35
1473
Бөлісу:
Қазақстандық ғалымдар Web of Science Awards сыйлығын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Web of Science компаниясы Clarivate Analytics ақпараттық-аналитикалық платформасы бойынша жыл сайын жоғары білім мен ғылыми зерттеулердің дамуына үлес қосқан білім беру мекемелеріне, ғылыми-зерттеу институттарына, ғылыми журналдар мен жекелеген ғалымдарды Ғылымның жетекшісі - Web of Science «Science Leader» сыйлығымен марапаттады. 

Бұл сыйлық әлем бойынша ғылыми қоғамдастықтағы аса беделді болып табылады және жүргізілген ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейіне куәлік етеді.

«Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards» тәуелсіз сыйлығының иегерлерін марапаттауға арналған биылғы салтанатты іс-шара 2020 жылдың 25 қарашасы күні онлайн режимінде өтті. Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Қазақстанның ғылым - білім беру саяси және экономикалық топтарының өкілдері, сондай-ақ беделді шетелдік сарапшылар қатысты.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ (КеАҚ) Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық университеттері арасында соңғы 3 жылдағы Q1 және Q2 квартилдері бойынша «We Bof Science Core Col Collection» номинациялар негізінде басылымдар саны жағынан көш бастап тұр. Осылайша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Science Leader - Webof Science Awards» тәуелсіз сыйлығының иегері атанды, - делінген хабарламада.

ҚазАТУ ғалымдары ауылшаруашылық ғылымының көптеген бағыты бойынша озық зерттеулер жүргізеді және нәтижесінде соңғы 3 жылдағы көрсеткіштер бойынша Web of Science Core Collection Q1 және Q2 квартильдері бойынша ғылыми журналдарда жарияланымдардың саны бойынша Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық университеттері арасында көш бастап тұр.

Атап айтқанда, ҚазАТУ ғалымдары 2018, 2019, 2020 жылдар аралығында Web of Science Core Collection квартильі бойынша бірінші тоқсанда 20 ғалым, екінші тоқсанда 25 ғалымының есімі жарияланды.

Олардың ішінде 2020 жылғы 20 қарашадағы аналитикалық платформаға сәйкес әлемдік деңгейдегі басылымдарда жарияланымдары бойынша аграрлық ғылымның сөзсіз көшбасшылары болып табылатын ҚазАТУ-дан 11 ғалымның аты-жөні ерекше аталған.

Олар:

1 орын - Ақылбек Күрішбаев, Сатывалды Жатаев;

2 орын - Галия Тютебаева, Абай Достяров;

3 орын - Казиханов Рашит, Казиханова Сәуле, Асылбекова Айнур, Сабдинова Динара, Сыздықов Қуаныш, Исмаилова Айгүл.

Өзгелердің жаңалығы