Қазақстандық қызанақтарға қатысты шектеулер алынып тасталды

27 Қаңтар 2021, 11:01
1119
Бөлісу:
Қазақстандық қызанақтарға қатысты шектеулер алынып тасталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қаңтардан бастап қазақстандық қызанақтарды Ресей Федерациясына алып келуге шектеулер алынып тасталады, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті РФ-ның Россельхознадзор қызметімен келіссөздер жүргізіп, «Green Capital Kazakhstan» ЖШС және «Green Land Alatau» ЖШС-нің қызанақ жемістерінде қауіпті вирусы (Tomato brown rugose fruit virus немесе ToBRFV) бойынша жылыжайлардың карантиндік фитосанитариялық жай-күйі туралы өзекті ақпаратты ұсынды.

Қазақстандық тарап ұсынған құжаттардың қорытындысы бойынша Россельхознадзор ағымдағы жылдың 27 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясына Ақтөбе және Алматы облыстарынан қызанақ жемістерін алып келуге уақытша шектеулерді алып тастады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін – 2021 жылғы 19 қаңтарда Россельхознадзор ҚР Павлодар облысынан қызанақты экспорттауға рұқсат берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы