Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

22 Маусым 2021, 14:54
1762
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Бад-Хомбург (Германия) WTA жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлады olympic.kz. 


Қазақстандық теннисші ресейлік Варвара Грачевамен бірге бастапқы кездесуін германиялықтар Таисия және Яна Мордергермен өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті – 6:2. Олар екінші сетте де қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:4. 1 сағат 11 минутқа созылған бәсеке барысында 10 брейк-пойнттың бесеуін, қарсыластары 4 сондай мүмкіндіктің екеуін пайдалана білді.

Анна Данилина мен Варвара Грачева жартылай финалға шығу үшін осы доданың 1-ракеткалары, хорватиялық Дарья Юрак – словениялық Андрея Клепачпен таласады. Анна Данилина кеше жекелей сында жапониялық Мисаки Доидан ұтылып қалған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкин Истбурнда негізгі жарысқа жолдама алған.

Өзгелердің жаңалығы