Қазақстандық вакцина паспортын қай елдер мойындайды?

16 Маусым 2021, 13:27
2507
Бөлісу:
Қазақстандық вакцина паспортын қай елдер мойындайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте үш елдің қазақстандық вакцина паспортын мойындайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Моңғолия, Венгрия және Таиланд еліміздегі вакцина алғандардың паспортын мойындайтындарын білдірген.

Сондай-ақ Түркия мен Кипр елдері барлық елдің вакцинасын мойындайтындарын мәлімдеген.

Бұл бағытта қазір жұмыстар жүріп жатыр. Сыртқы істер министрлігі барлық серіктес елмен біздегі вакцинаны мойындау жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Яғни вакцина паспорты бойынша. Дегенмен, еліміздің кез келген азаматы ПТР тестін тапсыру арқылы шетелге бара алады. Егер ПТР тестіңіз теріс нәтиже көрсетсе, шетелге шыға аласыз. Бұл жерде ешқандай мәселе болмау керек, - деді Цой.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Цой QazVac вакцинасын экспортқа шығару жұмысы басталып кеткенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы