Қазақстандық велошабандоздар халықаралық турнирде топ жарды

6 Мамыр 2021, 08:42
1408
Бөлісу:
Қазақстандық велошабандоздар халықаралық турнирде топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық велошабандоздар Сергей Пономарев пен Андрей Чугай тректегі велоспорттан халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Италияның Асколки-Пичено аймағында өткен халықаралық Piceno Sprint Cup додасында қазақстандық спортшылар бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Ерлер арасындағы спринттегі жарыстарда Пономарев финалдық бірінші орынды иеленсе, Чугай күміс медаль иегері атанды. Жарыстың қола жүлдесін итальяндық Франческо Чечи ие болды.

Айта кетерлігі, Сергей Пономарев пен Андрей Чугай – Nur Sultan Cycling Team велокомандасының велошабандоздары.

Өзгелердің жаңалығы